Әлеумет

Жолда жүрсең, абайла!

5835

Бүгінгі таңда Астанада сегіз бала жол апатына ұшырап, түрлі жарақат алған. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін жаяу жүргіншінің өзі де аса сақ болуы қажет. Сондықтан мектептегі балаларға жол-көлік ережелерін оқыту жергілікті полиция қызметіне жүктелген.

№61 мектеп-гимназиясында халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы республикалық жол қозғалысы жас инспекторларының слеті аясында «Жас жол инспекторы» атты шара өтті. Оны қалалық Жергілікті полиция қызметі мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірігіп ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, слет балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.
Қатысушылар саптық шеру, жол қозғалысы ережесінің білгірлері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үздік үгіт бригада мен білгірлер байқауы сынды жеті номинация бойынша жарысқа түсті. Әр команда өзіндік киім үлгісімен ерекшеленді. Саптық шеруде жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған өлең айтты. Конкурстың қорытындысы бойынша №67 мектеп-гимназиясы саптық қозғалыстары мен ұрандары тәртіп сақшыларының көзіне түсіп, бірінші орын иеленді.
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Самал Ахметтің пікірінше, аталмыш шаралар балалардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастырады. Жолда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерінің қызметін қадірлеуге де шақырады.
Жеңімпаз командалар жас инспектор­лардың қалалық слетіне қатысуға мүмкіндік алады. Ал бас жүлдеге ие болған құрама Өскеменде өтетін халықаралық слетке қатысады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button