Мәдениет

Жүректен өрбіген жыр

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ақын, сазгер, ұстаз Серік Рысбекұлының Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Жерұйығым – Астана» атты шығармашылық кеші өтті.

Мәдениет саласында көп жыл­дан бері еңбектеніп жүрген Серік Рысбекұлы халқымыздың шешендік өнерін, сал-серілікті дәріптейді. Осы кеш мақсатының бірі де жеткіншектерді халқымыз­дың бай мұрасымен сусындату, оларды отансүйгіштікке, тапқыр­лыққа, ізденгіштікке, көркем әдебиетті сүюге баулу болды.

«Руханият» мекемесінің басшысы Әділ Орынбасарұлы кеш иесінің мәдениет, руханият саласындағы еңбегіне тоқталып, оған Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды. «Бұл, шын мәнінде, қарапайым еңбек адамының еңбегін бағалау» деді мекеме басшысы.

Танымдық кеште ақын шы­ғармашылығына арналған «Жүректен өрбіген жыр» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйым­дастырылды. Шәкірттері ­Қуаныш Нұржан мен Нұрислам Бейсенбайдың айтысы бұл өнердің шоқтығы биік екенін тағы да бір дәлелдеді. Ақынның қаламынан туған «Алжир», «Аралым – айдын шалқарым», «Түн сыры», «Есілдің бойы», «Есілмен сырласу» өлеңдері ерекше ықыласпен қабылданды. А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің оқушылары өз өнерін ортаға салды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button