Әлеумет

Интернеттегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болады?

Полиция баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ұсынды. Ішкі істер министрлігі полиция әзірлеген мынадай ұсыныстарды қаперге алуымызды сұрайды:

– Ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылығын мүмкіндігінше бақылап отыру керек.

– Жеке дерегіңізді бөгде адамдарға айтпаңыз. Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамаңыз, олардың нұс­қауларын орындамаңыз.

– Балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өзінің дербес дерегін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т. б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.

– Бұдан бөлек, әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуретін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрығы мен нұс­қауын орындамау ұсынылады. Ең дұрысы – сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау.

– Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптен ­қорықпаңыз.

– Қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпау керек. Мұндай қосымшаларды орнатпас бұрын ол туралы интернетте оқып, оның не үшін қажет екенін біліп алу керек.

– Ата-аналар баланы интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы хабардар еткені дұрыс, сондай-ақ оны бөгде адамдар мен қажетсіз контенттен қорғауға көмектесетін «ата-ана бақылауы», «қауіпсіз іздеу» сияқты параметрлерді қолданған абзал.

«Интернет пайдаланушылар сізге қоқан-лоққы көрсетсе, уайымдамаңыз. Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар, әдетте, балаларды бақылауға алу үшін қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы еш қысылмастан ата-анасына, әпке-бауырына, мұғаліміне және т. б. дереу айту керек» деп жазылған ведомство берген мәліметте.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button