Жаңалықтар

Жұмыспен қамту жайы талқыланды

Жұма күні Жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағыты бойынша комиссия мен Парламенттік тыңдауларды дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның бірлескен көшпелі отырысы өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың өткен жылдың қорытындылары тыңдалып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын несиелендіруді кеңейту туралы төртінші әлеуметтік бастамасы талқыланды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, аталмыш бағдарламаға былтыр 573 мың адам қатысқан. Олардың 403 мыңы немесе 70 пайызы – жұмыссыз адамдар. Ал 149 мың адам (26%) – өзін өзі жұмыспен қамтығандар.
«Жалпы бұл бағдарлама жұмыссыз адамдардың 90 пайызын және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 54 пайыздан астамын қамтыды. Бағдарлама кәсіби оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту бағыттарында жүргізіліп, еңбек ресурстарының ұтқырлығы есепке алынуда» деді вице-министр.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов аталмыш ұйым шағын несиелендіру Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Даму-Микро», сондай-ақ, Әйелдер кәсіпкерлігіне шағын несие беру бағдарламалары аясында және Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржысы есебінен жүргізіліп отырғанын айтты.
Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар «Электрондық еңбек биржасы» порталымен таныстырды. Отырыс қорытындысында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, кәсіподақтарға тиісті ұсыныстар айтылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button