Жаңалықтар

Жұқпалы дертпен күрес – баршаға міндет

Кейінгі кезде қаламызда құрт ауруының алдын алу үшін кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Өйткені ол өте қатерлі жұқпалы кесел екені белгілі. Бұл дерттен жыл сайын мыңдаған адам көз жұмады.

[smartslider3 slider=1090]
Қазір Үкімет медицина саласына қатты көңіл бөліп, осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіп келеді. Алайда туберкулезді жеңу үшін бұл да аздық етуде. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдардың да осы тұрғыда жан-жақты атсалысуы қажет екені байқалып отыр.

Осыған орай, елордада туберкулездің алдын алу мәселелерін талқылаған алқалы басқосу өткізілді. Оған қаладағы медицина мекемелерінің басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

«Бұл қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан мұндай қауіпті жұқпалы дертті жою жолында баршамыз күш біріктіріп, жұмыла жұмыс істеуіміз керек» дейді «Санат әлем» ҚҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Марат Медетов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button