Жаңалықтар

Футбол алаңында – мәдениет қызметкерлері

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет ұйымдары қатысты.

[smartslider3 slider=1074]

«Бүгін біз алғаш рет мәдениет ұйым­дары арасында шағын футболдан «Madeniet cup» турнирін өткіздік. Бұл турнирдің мақсаты – қаламыздың мәдениет ұйымдарының басын қосып, бұқаралық спортты дамыту. Президентіміз өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөлген. Осы мақсатты пайдалана отырып, біз бүгінгі турнирімізді өткізіп жатырмыз. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан барлық мәдениет ұйымдары – театр, филармония, цирк осы жарысқа қатысып отыр» деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Мейірманқұлов.

«Астана Арена» спорт кешенінде өткен турнирге 7 команда қатысты.

– Осындай спорттық-мәдени шараға қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл – бұрыннан келе жатқан үрдіс. Биыл, міне, футболға ден қойылып келе жатыр. Біз үшін өте үлкен мереке. Ең бастысы, әрине, деннің саулығы, – деді «Жастар» театрының актері Дәурен Серғазин.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button