Жаңалықтар

Жыл басынан бері Астанада 44 аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек көрсетілді

Елордада «Өрлеу» жобасы шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек беру жалғасуда. Жыл басынан бері 44 аз қамтылған отбасыға (242 адам) ақшалай көмек көрсетілді.

c-2-1

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесуге 44 адам (ШАК алушылар арасында еңбекке қабілетті халық ішінен немесе 91,6%) тартылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту  2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатын 42 адам (87,5 %) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 қадамын іске асыру шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек тиімділігін арттыру бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту бөлігінде Астана қаласында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап әлеуметтік келісімшарт негізіндегі «Өрлеу» жобасы іске асырылуда. Бағдарлама атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға және әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларын пайдалану және масылдықтың алдын алу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына Иманбаева, 16 мекен-жайы бойынша келу керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button