Жаңалықтар

Елордада жаңа өнер галереясы ашылды

Астанада «Құланшы» қазіргі заман өнерін қолдау орталығының көмегімен жаңа өнер галереясы ашылды. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі суретшілердің туындылары мен инсталляцияларының көрмелері өткізіліп тұрмақ.

c

Шараға Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елорданың шығармашылық зиялы қауымы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Бастамашылар бұл галерея елорда өнерін жаңа деңгейге көтеріп, ағартушылық жұмыстың пәрменді құралына айналарына сенеді.

Астана тұрғындарының атынан «Құланшы» қазіргі заман өнер галереясына осы жобаны іске асырғандары үшін алғыс айтамын, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қазақстан озық мемлекеттердің қатарына қосылып, әлем аренасында танымал болды. Өркениетті әлемде қазақ жерінің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлылығы туралы білмейтін ел жоқ. Және қазір өзімізді мәдениеті бай, шығармашылық әлеуеті зор мемлекет ретінде танытатын уақыт келді, – деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Галереяны іске қосу аясында қазақстандық бейнелеу өнерінің «Мәңгілік мұра» атты көрмесі ашылды. Экспозицияға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің үздік суретшілерінің туындылары енгізілді. Авторлардың айтуынша, Орта Азия елдері мәдениетінің мұндай синтезі бүкіл әлем бойынша өнерсүйер қауым үшін таптырмас олжа, және елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығары анық.

Авторлар Париждегі Лувр, Лондондағы британдық мұражай және Тейт галереясы, Мәскеудегі Третьяков галереясы және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристер сүйіп баратын басқа да мәдени нысандар сияқты Астанадағы картина галереясы да Қазақстан өнері мен мәдениетінің символына айналатынына сенімді.

«Мәңгілік мұра» көрмесі 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты күнделікті түрде 10:00 ден 20:00-ге дейін.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button