Жаңалықтар

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ БАСҚАРУ

    Зияткерлік фота                    

Елордада зияткерлік меншік құру, оларды  қорғау және нәтижелерін  коммерцияландыру мәселелеріне арналған  конференция өтті.

Басқосуда сарапшылар елімізге инновацияларды енгізу үшін  қолайлы ахуал құру жайындағы  ойларымен бөлісті. Диалогтық алаң екі секцияға бөлінді.  Алғашқысында, зияткерлік меншік саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру туралы көтерілсе, екіншісінде, отандық жоғары оқу орындары  мен  стартап компанияларда  зияткерлік меншікті басқару мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мамандар отандық ғалымдар үшін, оқу орындары мен бизнес әлеміндегі жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтар жайында әңгіме өрбітті. Және зияткерлік меншік обектілерін комерцияландыру тетігі мен оның қолданыстағы тәсілдері туралы да айтылды.

Жиын барысында  «Ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ Талдау және бизнес-процестерді басқару жүйелері департаментінің директоры Мұрат Сартбаев жиналғандарды ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының) Қазақстандағы инновациялық саясатты оңтайландыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қатысты жобаларды таныстырып, еліміздің инновациялық саясатына шолу жасады.

– Көптеген оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда зияткерлік меншік жөніндегі саясат реттелмеген. Университет пен әзірлеме авторларының арасында болашақтағы кірістерді бөлуге қатысты өзара қарым-қатынастар айқындалмаған.  Технологияларды лицензиялау бойынша мәмілелер саусақпен санарлықтай, университеттер жанында стартап-компаниялар құру тетіктері жасалмаған, – дейді Білім және ғылым министрлігі Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев.

Бұған қоса конференцияда ғылыми-техникалық әзірлемелерді патенттеу үрдісіне байланысты мәселелер де талқыланды.

Айта кетерлігі, 2008 жылдан бері ҚР БҒМ жанындағы «Технологияларды комерцияландыру» жобасы жүзеге асып келеді. Мұндай жоба елімізде сапалы технологияларды дамытудың  жүйесі мен кешендік тәсілін  қолдануға мүмкіндік берді. 2011 жылдан бастап  жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгеге 65 жоба қолдау алды. Бүгінгі күнде 31 компания сату нарығына шығып үлгерген.

                                                                                                                  

А. ҚҰСАЙЫН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button