Спорт

Азия және Океания чемпионаты – Астанада

Елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер және параспортшылар арасындағы Азия және Океания чемпионаты жалауын көтерді.

Чемпионатқа елімізден 24 параспортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошы қатысуда.

Азия самбо одағының басшысы, Бүкіләлемдік самбо федерация­сының (FIAS) вице-президенті Аламжон Муллаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Астана қаласы әкімдігінің атынан жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Мәдениет және спорт министрлігіне, ҚР самбо федерациясына алғысымды білдіремін. Осындай ауқымды жарыстың Қазақстан тарихында алғаш рет өтуі – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жарысқа 27 елден 700-дей самбошы қатысуда. Байрақты бәсекеде бәріңізге сәттілік, төрешілерге әділдік тілеймін. Шын үздіктер жеңіске жетсін! – деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жарыстың ашылу салтанатында.

Бұл сайыстың жеңімпаздары Сауд Арабиясы Әр-Рияд қала­сында өтетін дүниежүзілік жекпе-жек ойындарына қатысуға жолдама алады.

Кешеден бері жасөспірімдер мен жастар жүлде жолында күш сынасты. Чемпионат 11 маусымда ересектер жарысымен аяқталады.

Тағы бір айтарымыз, көрермендер бұл жарысты Qazsport арнасынан және FIAS YouTube каналынан тікелей эфирден тамашалай алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button