Спорт

Қазақстан боксы – рейтингте бірінші

Ташкентте өткен әлем чемпионатынан кейін Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) ұлттық құрама­лардың жаңартылған рейтингін жариялады. Оның нәтижесінде Қазақстан көш бастап тұр.

ІВА рейтингі соңғы Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты және құрлық біріншіліктерінің қорытындысы бойынша жаңартылып отырады. Рейтинг көрсеткішіне Олимпиада ойындарының және әлем чемпионатының алтын медалі үшін 2000 ұпай, күміс медалі үшін 1700 ұпай, қола медаль үшін 1300 ұпай есептеледі. Сонымен қатар құрлық чемпионатының алтын жүлдесі үшін 1200 ұпай, күміс жүлдесі үшін 900 ұпай, қола жүлдесі үшін 700 ұпай қосылады.

Соңғы рейтингтегі көрсеткіштер:

Қазақстан81 000 ұпай;

Өзбекстан60 800 ұпай;

Ресей – 58 050 ұпай;

Үндістан55 500 ұпай;

Куба – 45 300 ұпай.

Қазақстан өткен жылдың соңында жаңартылған рейтингте бірінші орынға шыққан болатын. Биыл сол көрсеткішін сақтап қалды. 2022 жылы Үндістанда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қыз­дары 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал биыл ерлер арасындағы чемпионатта Қазақстан жігіттері 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button