Елорда тынысы

Спорттық отбасылар сайысы

Осындай атаумен Халық­аралық балаларды қорғау күні қарсаңында Сарыарқа ауданының теміржол қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне «Қамқор Локомотив» ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев, «Қамқор Магистраль» кәсіп­одақ ұйымының төрағасы ­Светлана Байқадамова және Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы ­Аяулым Қанатқызы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Құттықтау сөз сөйлегендер балалар еліміздің жарқын болашағы екенін, әрдайым оларға қамқорлық таныту қажет екенін атап айтты.

Астана локомотив жөндеу депосының жұмыскерлері 6 командаға бөлініп, көңілді сайысқа 7-9 жас аралығындағы балаларымен бірге қатысты. Берілген тапсырмаларды орындап, көңілді және тартысты ойын көрсетті. Сондай-ақ «Ең тапқыр отбасы», «Ынтымақты отбасы», «Креативті отбасы», «Мықты отбасы», «Мерейлі отбасы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button