Елорда тынысы

«Жас сарбаз» қатары толықты

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордадағы «SOS Астана балалар ауылы» жеке білім беру мекемесінде «Балалар – өмір гүлдері» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шара барысында балалар ауылында әскери-патриоттық клуб ашылып, тәрбиеленушілерге «Жас сарбаз» куәлігі табысталды.

Мерекелік жиынға Қарулы күштер ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Әсенов, «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев және «Жас сарбаз» республикалық қозғалысы Астана қаласы филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысып, балаларға патриоттық тәрбие берудегі «Жас сарбаз» қозғалысының маңызын атап айтты.

Іс-шара барысында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсімі өтіп, жиырмаға жуық жас сарбазға куәлік табысталды.

– Балалар ауылының 103 тәрбие­ленушісі «Жас сарбаз» қатарына қабылданады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында да патриот азамат­тар бар. Мақсатымыз – отаншыл, рухшыл, білімді жастарды тәрбиелеу. Қазіргі таңда елордадағы 95 мектеп, 35 колледжде әскери-патриоттық сыныптар ашылды. Қалада барлығы 8000-ға жуық жас сарбаздықтар тәрбиеленіп жатыр. Жас сарбаз ретінде болашақта өзін әскери саладан көретін тұлғаларды тәрбиелейміз, – деді «Жас сарбаз» республикалық қозғалысы Астана қаласы филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Салтанатты рәсімнен соң «Жас сарбаз» балалар студиясының өрендері өнерін көрсетіп, аниматорлары бар балалар ойын бағдарламасы көпшілікті қуантты. Сондай-ақ «SF Қазақстанның тәтті тағамдары» желісінің қолдауымен балаларға тәттілер таратылды.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button