Қала мен Сала

«Үркердегі» іргелі істер

Астаналық Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов пен аудан әкімінің инспекторы Жарқын Айтжанов «Үркер» тұрғын алабындағы қоғамдық кеңістіктерді аралап шықты. Мердігер ұйымдар мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде тұрғын алапты жақсарту мәселесі талқыланды.

Алдымен К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясына ат басын тірегендер білім мекемесінің бүгінгі жағда­йымен танысты. Биыл нысан жанында мектеп автобусына арналған тұрақ аймағын жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ мектепке іргелес Исатай батыр көшесінде ағаш отырғызылады.

Мектеп жанындағы алаң да назардан тыс қалған жоқ. Ойын алаңының барлық элементі жөнделіп, ретке келеді.

Биылдан бастап Айғыржал көшесіндегі скверге ерекше назар аударады. Енді қоғамдық кеңістікті аудандық әкімдік қарамағына алмақ. Қазіргі уақытта скверді Нұра ауданы әкімдігі аппаратының балансына беру үшін акт дайындалуда.

Аралау барысында аппарат қызметкерлері мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар санитарлық тазалауды күшейту және жасыл желектерді күтіп ұстау, бейнебақылау камераларын қосу және жарықтандыру мәселелеріне қатысты ескертулер жасалды.

2023 жылдың ақпан айында тұрғын алапты дамытудың жол картасы қабылданды. Қазіргі уақытта «Үркер» тұрғын алабында 2 ­мем­лекеттік мектеп, инженерлік желілер, тротуарлар және т. б. салынуда. Сондай-ақ биыл ашылған дене шынық­тыру-сауықтыру кешеніндегі спорт үйірмелеріне алаптың балалары арасында іріктеу жүріп жатыр.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button