Спорт

Желаяқтар жарысы

Astana Run Challenge атты жүгіру жарысының екінші кезеңі елорданың орталық саябағында жалғасты.

Спорттық іс-шараның ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Астана қаласы бойынша триатлон федерация­сының президенті Евгений Больгерт қатысты.

Astana Run Challenge екінші кезеңі аясында қалалық ­триатлон федерациясы және Mega Kids балалар орталық­тары мен балабақшалар желісі бірлесіп, айтулы мереке қарсаңында түрлі түске боялған балалар жарысын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы қашықтығы 500 метрді құраған жарысқа 14 жасқа дейінгі 270-ке жуық жасөспірім қатысты. Мәре сызығын кесіп өткен әр бүлдіршінге арнайы медаль, ал жеңімпаздарға естелік сыйлық табысталды.

– Мамыр айында өткен бірінші кезеңге 300-ден астам желаяқ қатысса, екінші кезеңде 700 спортшы белсенділік танытып, жүгірді. Бұл жарыс­тың танымалдылығы артып, ауқымы кеңейіп келеді, – дейді Евгений Больгерт.

Бірінші кезеңде желаяқтар Ботаникалық бақта жүгірсе, үшінші кезеңге қатысатын атлеттер Триатлон саябағында жалғастырады.

Аstana Run Challenge-дің жеңімпаздары жас ерекшелігіне қарай 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+ анықталып, арнайы сыйлықпен марапатталды.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button