Әлеумет

Әлеуметтік көмек қалай көрсетіледі?

Астаналықтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының атқаратын жұмысы ұшан-теңіз екені белгілі. Елордалықтарды нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жылдан жылға арттыру бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп отыр. Осы орайда Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеу­меттік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова атқарылған қызметтер жөнінде мәлімет берді. 

Басқарма бірінші кезекте оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру, халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша болу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және арнаулы әлеу­меттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдау жұмыстың негізін қалайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеу­меттік төлемдерді тағайындау мен төлеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен өзге әлеуметтік көмек түрлерін көрсету де осы басқармаға жүктелген.

Басқарманың әлеуметтік қолдау шаралары

2022 жылы шамамен 180 000 адамға әлеуметтік қолдауға қол жеткізу жоспарланды, оның ішінде – 26 124 көпбалалы отбасылар және 19 409 аз қамтылған азаматтар. (Қалғандары: жасы бойынша 103127 зейнеткер, олардың 18-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 26130-ы мүгедектігі бар тұлғалар, оның ішінде 7188-і – мүгедек балалар, 7955-і – мүгедек балалары бар отбасылар).

Адамдардың жекелеген санаттары үшін:

мерекелік күндерге арналған біржолғы ақшалай

төлемдер;

тегін жол жүру, «Инватакси» көлік қызметі;

қатты отынды сатып алу, коммуналдық қызметтер,

газификация үшін өтемақы;

протездік-ортопедиялық көмек, кресло-арбалары,

тифло-сурдо құралдар;

міндетті гигиеналық өнімдер;

тіс протездеу;

шипажайлық-курорттық емделу;

жеке көмекші және ымдау тілі мамандары қызметтері

көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек

4 019 отбасына (19,4 мың адам) 1,6 млрд теңге көлемінде АӘК төлемдері төленді, оның ішінде 1853 көпбалалы отбасыларға (8,9 мың адам), АӘК алушылардың ішінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5000-ға жуық бала – кепілдік әлеуметтік пакетті (КӘП) 33240 (25095 азық-түлік, 8145 тұрмыстық химия) алды.

Анықтама үшін: ең төменгі күнкөріс деңгейі – 51089 теңге, кедейлік шегі – 35762 теңге.

Мүгедектігі бар тұлғаларға «Инватакси» қызметінің 75 көлігі іске қосылған. 

– 5 арбадағы мүгедектер үшін;

– 45 мүгедек балаларға арналған, № 65 мектеп;

– мүгедектерге арналған 10;

– 8 бірлік мүгедектер арбасында жүретін мүгедек балаларға (18 жасқа дейін);

– 16 зағип мүгедектер үшін.

Мекеме қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

7) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

8) Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру бойынша басқарма атқаратын жұмыстардың бір шамасына келсек, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша болу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдау осы басқарманың басты қызметі болып табылады.

Елордадағы жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қатарында жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерден бөлек, жеке иеліктегі ұйымдар да қамтылған. Атап айтсақ, «Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры», «Erekshe Analar» қоғамдық қоры, АСТ «Астана әлеуметтік технологиясы» қызмет көрсетеді.

Шипажай жайында

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында қала тұрғындарына шипажайлық-курорттық емделу түріндегі әлеуметтік көмек тұрақты көрсетіліп келеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс-қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге жолдама құнының 35%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге, жолдама құнының 25%-ын төлеумен ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар санынан жасы бойынша зейнеткерлерге ұсынылады. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін шипажайлық-курорттық карта;

3) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi.

Басқарма сексен жасқа толған азаматтарды шипажайлық емделуден өту кезінде жанына ертіп жәрдем беріп жүретін адамның жатын жайына және тамақтануына да төлем жүргізеді.

Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жылына бір рет жүзеге асырылады және емделуден өту мерзімі он төрт күнді құрайды.

Жәрмеңкеден жұмыс табады

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру, еңбек нарығының жағдайын талдау және болжау; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын іске асырумен қатар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес жұмыс іздеу­ші тұлғаларды жұмыссыздар ретінде тіркеу; қаладағы еңбек нарығының жағдайы туралы тиісті органдарды және халықты хабардар ету де негізгі қызмет ретінде қарастырылған. Осы міндеттерді жүзеге асыру бойынша түрлі шаралар іске асырылды. Соның бірі – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.

Жыл басынан бері Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығы 500-ден астам астаналық жұмыс берушінің қатысуымен алпысқа тарта жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, оның ішінде 7-і онлайн режимінде өткізілген. Олардың ішінде жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне, мүгедектер мен жетім балаларға, барлық жұмыссыздар мен жұмыссыз азаматтарға (офлайн режимінде), оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға, пробация қызметінің есебінде тұрғандарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға арналған, алимент бойынша қарызы бар адамдарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру мақсатында да бос жұмыс орындарын іздеп, жұмыс беруші мен жұмысшының лайықты өмір сүруіне қолғабыс беруде.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button