Елорда тынысы

Астана әуежайы дамиды

Елорда халқының саны қарқынды өсіп келе жатқандықтан, әуежайды кеңейту мәселесінің де өзектілігі артты. Осыған орай, кеше қала әкімі Алтай Көлгінов Астана халықаралық әуежайының басшылығы және ІАТА, яғни халықаралық әуе көлігі қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, әуежайды әрі қарай дамыту мәселесін талқылады.

– Қазіргі уақытта, авиатасымал көлемінің артқанын ескере келе, әуежайды дамыту бойынша мастер-жоспар тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Мастер-жоспар өз кезегінде қосымша ұшу-қону жолағын, перрон, терминалдар, ангар және т.б. салу мәселелерін де қамтиды. Сол сияқты «Астана Бас жоспары» және қала әкімдігінің басқармалары 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспары жобасын әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Онда маңызды бағыттары – қаланы дамыту, тұрғындар саны, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар, яғни мектептер, балабақшалар, қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық нысандар салу көзделеді, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар ол көлік инфрақұрылымын перспективалық дамыту, нысандарды бұзу, қоғамдық кеңістіктер, яғни саябақтар, гүлзарлар салу, көгалдандыру жұмыстары да қарас­тырылып отырғанын жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button