Елорда тынысы

Оқушы денсаулығына қанша бөлінеді?

Биыл 9 айда елорда оқушыларына 1 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, яғни тікелей мектептерде, балабақшаларда, шағын орталықтарда немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы балаларға медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесін енгізу арқылы ол жеке ұстаным ретінде бөлек қарастырыла бастады. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді.

– Білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету балалар емханасының мектепке дейінгі мектеп бөлімшесіне жүктелген. Бұл бөлімше балалар емханасының барлық басқа бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мектеп медицинасы бөлімшесінің құрылымына білім беру мекемелеріндегі медициналық кабинеттер кіреді. Біздің емхана аумағы бойынша бөлімшеде 16 мектеп пен 10 мемлекеттік балабақша бар, – дейді Астана қаласындағы №9 емхананың мектеп медицинасы бөлімшесінің меңгерушісі Азамат Мыңбаев.

Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында жүргізетін тексеруі кіреді. Сондай-ақ оқу орнындағы дәрігерлер балаларға салауатты өмір салтын ұстану жөнінде іс-шаралар өткізеді. Егер профилактикалық тексеруде патология анықталған болса, онда бала тіркелген жері бойынша емханаға медициналық тексеруге жіберіледі. Шұғыл жағдайларда медициналық пунктте жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін балаларға алғашқы көмек көрсетіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button