Елорда тынысы

Гуманитарлық көмек жалғасуда

Елордалық спортшылардың, Дене шынықтыру және спорт басқармасының, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің күшімен тағы 8 тонна гуманитарлық көмек жиналып, Қостанай облысына жіберілді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит әріптестеріне қазіргі қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ астаналық спортшылар Илья Ильин, Василий Тахтай, Сергей Цырульников, Абзал Ажгалиев, Мерей Ақшалов, Айтым Жақыпов және каратэ федерациясының, гимнастика федерациясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуде. Бұған дейін Amanat партиясының Астана қалалық филиалының күшімен, «Жастар рухы» жастар қанатымен, «Астана жастары» ЖРО еріктілерімен бірлесіп, қала әкімдігінің, қалалық мәслихат депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, шағын, орта және ірі бизнес иелерінің қолдауымен гуманитарлық көмек жиналып, өңірлерге жолданды.

Сонымен қатар елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізілді. Зардап шеккендерге киім, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмек жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап жібереді. Жиналған көмектің ішінде киім, азық-түлік, гигиена құралдары мен аяқ киім – басты қажетті заттар. Еріктілер қаржылай көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті заттарды жинап, әкеле алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button