Мәдениет

Өнегелі кездесу

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрер­мен театрының ұжымы Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында театрымыздың директоры Асхат Маемиров пен Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Азамат Жылтыркөзов кәсіби сахна мен белгілі өнер оқу ордасы арасында білім беру және шығармашылық үдерісті дамыту бағытында, бірлескен жобаларды іске асыру жолында бірқатар келісімге қол жеткізіп, әріптестік пен ынтымақтас­тықты дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Азамат Қайратұлы дуальді оқыту әдісімен білім алып биылғы жылдың мамыр айында университетті аяқтағалы отырған түлектермен, яғни қазіргі таңда Музыкалық жас көрермен театрында еңбек етіп жүрген жас артистермен оқу үдерісі бойынша ой бөлісіп, дипломдық қойылымдардың дайындық процесіне қатысып, өз тілегін жеткізді.

Сонымен бірге биыл күзден бастап театр базасында аймақтағы театр артистерінің білімін арттыру, білігін жетілдіру, тағылымдамадан өту жөнінде екі тарап арасында шығармашылық байланыстарды ғылыми-практикалық негізде дамытуға мән беру қажеттілігі сараланды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button