Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Ұлболған БАЙКЕНЖЕЕВА, оқырман:
– Құрметті редакция! Өзім бірнеше мәрте химиялық ем алдым. Бұған дейін онкологиялық ауруларды анықтайтын ПЭТ аппаратына квотамен ғана келіп тексерілдім. Кейде сол жолдаманы айлап, тіпті жылдап күтеміз. Жуырда диагностикалық орталықта тегін зерттеуден өтуге болатыны туралы естіп қалдым. Анық-қаныған өздеріңізден сұрайын дедім.

Оқырман сауалына Республикалық диагностикалық орталықтың директоры Руслан Ахметовтың жуабын ұсынамыз:

– «UMC» корпоративтік қорына қарасты Республикалық диагностикалық орталық жаңа ПЭТ/КТ аппаратын сатып алды. Бұл – қолданыстағы құралдардың заманауи баламасы. Оның артықшылығы – 64 кесінділік компьютерлік томографиясы адам ағзасын барынша жіті зерттеуге мүмкіндік береді: сәбиден бастап ересектерге дейінгі барлық адамдарды салмағын есепке ала отырып, жіті сканерлей алады. Орталықта науқастардың 95 пайыздан астамы зерттеудің бұл түрін кепілдік берілген медициналық қызмет аясында тегін өтеді. Ал ақылы негізде зерттеу құны – 235 700 теңге. Оны өз азаматтарымызбен қатар, көбінесе алыс және жақын шетелдердің азаматтары пайдалана алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button