ЖаңалықтарМәслихат

Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2016 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) алтыншы шақыры­лым­дағы Астана қалалық мәслихатының ке­зектен тыс сессиясы шақырылады.

1111
Сессияның қарауына мына мә­селелер енгізіледі:
1. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Астана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.
3. Астана қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл жөнінде ведомс­твоаралық комиссиясының құрамы туралы.
4. Астана қаласы әкімдігінің жанын­дағы мал шаруашылығы сала­сындағы мәселелер жөніндегі комиссияның құрамы туралы.

Ж. Нұрпейісов,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button