Басты ақпаратЖаңалықтар

Апатты үйлерден 1863 отбасы көшіріледі

Апатты үйлерді сүріп тастау бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Биыл елордада 111 апатты жағдайдағы үйлерде тұратын 1863 отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланған. Бүгінде 98 төтенше жағдайдағы үйде тұрып жатқан 1425 отбасы көшіріліп жатыр.
Бағдарламаның бірінші кезеңінде кешенді тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қаладағы 228 нысан апатты болып танылды. Осылайша, жыл басынан бері 117 апатты үй күрелді. Қазіргі таңда 98 үйде тұратын шамамен 1,5 мың отбасыны көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған тозығы жеткен 13 үйдің тұрғындары нысандардың тапсырылуына қарай жыл соңына дейін көшіріледі.
Пилоттық жобаның шартына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйлерді күреп, оның орнына баспана көлеміне сәйкес жаңа тұрғынжай береді. Көшіру кезінде пәтердің көлемімен бірдей баспана ұсынылады.
«Апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшіру кезінде отбасы мүшелерінің саны мен төтенше жағдайдағы үйдің бөлме саны есепке алынбайтынын ескеруі керек» деді Руслан Ахметов.
Күреуге инженерлік желі­лері мен құрылыс конструкторлары тозған, негізінен, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер жатады.
Елорданың бас жоспары мен қала әкімі Әсет Исеке­шевтің тапсырмасына сәйкес, күрелген үйлердің орнына саябақ, гүлзар мен бульварлар құрылысын жүргізу көзделіп отыр. 2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй күреліп, 1570 отбасы жаңа әрі жайлы баспанаға көшірілді.

Гүлдана Талғатқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button