Жаңалықтар

Апатты жағдай қалпына келтірілді

Жексенбі, 10 қараша күні қаладағы «Левобережная» подстанциясының 10 Кв кабель каналындағы электр желісі жанып, 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, Ақорда, Сенат, Мәжіліс, Министрліктер үйі, Жоғарғы сот әкімшілік ғимараттарында электр жарығы өшіп қалды. Электрмен қамтамасыз ету өрт сөндіру қызметінің рұқсаты бойынша қауіпсіздік мақсатымен тоқтатылған.Апат орын алған жерге елорда әкімі дереу шығып, жағдайды білді. Құрамында 16 адам бар апаттық-қалпына келтіру бригадасы мен арнайы техникалар жедел іске кірісіп, электр желісін жөндеуге кірісіп кетті. Әкімнің нұсқауымен бірінші кезекте тұрғын үйлерге жарық берілсе, басқа нысандарға да дереу электр қосылды.
Осы жағдайға байланыс­ты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізуді тапсырды.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі апатты жағдайды біржарым тәулікте қалпына келтірген бригада жұмысшыларының еңбегін сыйақымен атап өтуге ұсыныс берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button