Басты ақпарат

Қар тазарту қарқынды жүрді

Қала көшелеріндегі қардың қалыңдығы қаңтарда түсетіндей қатпар-қатпар болды. Тәулік ішінде қаладан 22 500 текше метр қар сыртқа шығарылды. Тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.Қала әкімі Алтай Көлгінов елорданың бірқатар аудандарын аралап, қаланы қардан тазарту барысын байқады. Жағдайды бағалаған қала басшысы коммуналдық қызметтердің, мердігерлік ұйымдар жетекшілері мен аудан әкімдеріне қарды уақтылы тазалау және сыртқа шығару мәселесі жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар, яғни тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары маңын тазартуға мән беріліп отыр. Коммуналдық шаруашылыққа жауапты кәсіпорындар үш ауысымды жұмыс режиміне көшіп, жұмысты тәулік бойы жүргізіп жатыр. «Қазіргі уақытта 900-ге жуық арнайы техника мен 1700-ден аса жұмысшы жұмылдырылды. Тек бір тәулік ішінде 22 500 текше метрден аса қар, 500 текше метрден аса су қала сыртына шығарылды» деп жазды Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі ақпаратында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button