Жаңалықтар

Әріптестеріміз топ жарды

ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауында әріптестеріміз, «Elorda Aqparat» компаниясына қарасты «Елорда Инфо» сайтының тілшісі Айнұр Шошаева «Ғаламтор – бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым» аталымында бірінші орынды, «Вечерняя Астана» газетінің журналисі Айгүл Әлжақсина үшінші орынды иеленді.

Айнұр байқауға «Қарақат сатып үй алдым: астаналықтар жасыл белдеуден қалай ақша табуға болатынын айтты» аталатын материалын ұсынған. Астана қаласының жасыл белдеуі туралы бұл материалда Елбасының бастамасы қала маңындағы кенттердің тұрғындарына өз өмірі мен әл-ауқатын жақсартуға қалай көмектескені туралы сыр шертеді. Айгүл болса, Астананың 20 жылдық шежіресі жайлы материалды ұсыныпты.
Әріптестерімізді шы­ғар­машылық табысымен құттықтаймыз!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button