Ел тынысы

Армян әліпбиінің негізін қалаушыға Астанадан көше беріледі

Астанада бір көшеге армян әліпбиі негізін қалаушының есімі беріледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы Арменияға сапары барысында Мемлекет басшысы хабарлады.

Президент өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін көлік және логистика саласының маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Арменияның Оңтүстік Кавказдағы көлік байланысын қайта жандандыруға ұмтылысын жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Бұл ретте құрметті Премьер-министр Никол Пашинянның «Бейбітшілік торабы» бастамасына оң көзқараспен қараймыз. Сонымен қатар біз екі елдің астанасы мен басқа да қалалары арасында тікелей әуе рейстерін ашу туралы бастаманы қолдадық. Агроөнеркәсіп саласындағы тауар түрін көбейту және оларды жеткізу мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ Цифрлық технология бойынша ынтымақтастықты дамыту қажет. Қазақстан армениялық серіктестерімен осы маңызды салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Армениямен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға баса мән беретінін айтты.

«Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді. Бұл маңызды іс-шара халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз. Әсіресе, рухани байланыстарымызды жандандырмақ. Сондай-ақ құрметті Армения Премьер-министрімен Ереван көшелерінің біріне ұлы Абайдың есімін беру туралы келісімге келдік. Ал Астананың бір көшесіне армян әліпбиінің негізін қалаушы, әулие Месроп Маштоцтың аты берілетін болды. Оған қоса армян қарпімен жазылған қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттейтін ғылыми топ құру туралы бастаманы құптадық. Оны Еуразия ұлттық университеті және Ереван мемлекеттік университеті бірлесіп жүзеге асырады», – деді Президент.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button