Мәдениет

«Аспан мен жердің үндестігі»

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Аспан мен жердің үндестігі» атты елорда әуежайының тарихына қатысты архив құжаттары көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге Астана қаласының мемлекеттік архивінің 1923 жылдан бастау алатын ұшақтарға қызмет көрсету қызметінің ашылғаны туралы, Целиноград қалалық кеңесі атқару комитетінің, еңбекші депутаттарының әуежайға қатысты хаттамалары, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Аэрофлот» үздігі Алексей
Самусенконың жеке қоры, 1960 жылдардағы әуежай ғимаратының фотосуреттері, 1997 жылы Ақмола қаласының әуежайына жүргізілген реконструкциялық жұмыстар жөнінде, әуе желісін тарту туралы, әуежайға қатысты шешімдер, газет беттерінде жарияланған мақалалар және басқа да тарихи құжаттары ұсынылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button