Мәдениет

«Ағыраптағы аты жоқ адам»

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы ұйымдастырған «Жас қалам – жаңа роман» жобасының грант иегері, жас қаламгер Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан, Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы және елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Елімізде қазақ әдебиетіне, ұлт әдебиетіне жаны ашитын кәсіпкер азаматтар бар. Солар үш романға қаржы бөліп, талантты жазушыларға жағдай жасады. Соның бірі – жазушы Қанат Әбілқайыр. Ол тарихи тақырыптарды жазды.
«Ағыраптағы аты жоқ адам» романында адамның сезімін қозғалысқа келтіретін элементтер бар. Жазушының әңгімешіл шеберлігіне риза болдым» дейді сыншы Амангелді Кеңшілікұлы.

Ал кітап авторы ағырап сөзіне тоқталып өтті.

«Көп адам «Ағырап деген не?» деп сұрап жатыр. Дінде жұмақ пен тозақ деген ұғым бар. Ислам дінінде жұмақ пен тозақтың ортасында бір мекен болады. Ол жерде жақсылығы мен жамандығы тең түскен, яғни жұмаққа да, тозаққа да жіберуге келмейтін адамдар қалады деген түсінік бар. Осыған қатысты Ағырап деген сүре де бар. Шығармадағы оқиға Ағырап деген қалада өтеді» дейді жазушы Қанат Әбілқайыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button