Ел тынысы

Астанада боччадан республикалық турнир басталды

Астанада боччадан Қазақстандағы тұңғыш бапкер әрі насихаттаушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналаған республикалық турнир басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

Тірек қимылы зақымданған жастар мен ересектер арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыс биыл наурыздың 4 мен 6 аралығында «Аспан» спорт кешенінде өтуде.

Шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов спортшыларға алғы тілегін жеткізді.

«Бочча әлемде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. 1984 жылы Паралимпиада ойындарының қатарына еніп, қазіргі уақытта біздің де спортшыларымыз аса қызығушылықпен айналысуда. Бүгінгі бастау алып отырған жарыс даңқты бапкер Сұлтанбек Орынбасаровты еске алу мақсатында ұйымдастырылуда. Осы жарысты ұйымдастырып отырған Қазақстан Бочча федерациясына айлғысымды жеткізіп, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді комитет төрағасы Е.Мырзабосынов.

Атаулы жарысқа Қазақстанның 8 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысып, бақ сынауда. Турнирдің басты мақсаты – еліміздің үздік бочча ойыншыларын анықтау, мүгедектігі бар адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері насихаттай отырып, инклюзивті қоғам құру шараларына жұртшылықтың назарын аудару.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button