Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Елбасының тапсырмасы аясында республиканың әрбір облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан тарту етеді. Мәселен, Астана әкімі Әсет Исекешев «Астана» саябағын салу туралы ұсыныс білдіріпті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша тұрғызылатын барлық нысандар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің биіктігінен аспауы керек.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Ұлытауда «Жезкиік» фес­тивалі басталды. Шараға 11 му­зыкалық ұжым, 92 қа­тысушы келген. Олардың өнерін тамашалауға 6 мыңға жуық көрермен жиналады деп жоспарлануда.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Ақтөбеде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Энергетика министрлігіне осындай ұсыныс жолдады.

АЛМАТЫ

Алматыда жүздеген көшенің аты өзгермек. Қала әкімдігі Алатау және Бос­тандық ауданындағы бір­қатар көшелердің атауын өзгерту туралы қаулыны қоғамдық талқылауға шы­ғарды.

ШЫМКЕНТ

Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады. Түркістан облысы «Х» таңбасымен «13» нөмірінде қалады. Аталмыш бұйрық 24 шілде күні күшіне енеді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Қамбаш көлінде Арал балықшыларының IV слеті өтті. Дәстүрге айналған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, облыста кешенді жұмыс нәтижесінде интернет-қарақшылардың қылмысы 16 пайызға төмендеген. Полицейлер алдағы жылдың қаңтарынан бастап ұялы телефондарды міндетті тіркеу іске асатын болса, бұдан да үлкен нәтижеге жетуге болатынын мәлімдеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button