Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Алматы қаласы

Алматылықтар тіккен құ­рақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Көрпенің ұзындығы 10 шақырым 900 метрді құрайды. Наурыз мейрамынан бастап тігілген көрпені тігіншілер қала күнінде аяқтады. Гиннестің рекордтар кітабы бас кеңсесінің өкілі Джона Брент мерекеге арнайы келіп, ресми құжатты табыс етті.

Түркістан облысы

Түлкібас ауданындағы теңіз балықтарын өсіретін кәсіпорында жыл сайын 40 тонна балық еті мен 30 келіден аса уылдырық өн­діріледі. Бұл жерде бекіре, фарель, ақ амур, сазан балықтары бар.

Қарағанды облысы

Қарағандыда «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасы аясында Кар­лаг­тағы құжаттардың элек­трон­дық нұсқасы жасалып жатыр. Осы мақсат үшін Шахтинск қаласындағы кітапхана заманауи сканер сатып алған. Жыл соңына дейін 400-ге жуық кітап, газет және қолжазба көшірмесін жасау жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданында белгілі ағартушы, ақын, ойшыл, журналист Ғұмар Қараштың кесе­несі бой көтерді. «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылған игілікті іс Ғ.Қараш қорына ел-жұрттан жиналған 8 млн теңгеге атқарылды. Жақында Ғұмар Қараш шығармаларының 3 том­дығы да жарық көрген.

Ақмола облысы

Бурабайда алғашқы аквапарк салынады. Осы мақсатқа шипажай аймағындағы көлдің жағасынан 1 гектар жер бө­лінген. Құны 150 млн теңге тұ­ра­тын жобаны жергілікті кә­сіпкерлердің бірі қолға алыпты. Мұндай аквапарк Бурабайда бұрын болмаған. Үш бөліктен тұратын аквапарктің құрылысы 2019 жылы басталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстағы шаруашылық­тар­дың бірінде әр гектарынан 62 центнерден бидай орылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Бүгінге дейін облыс бойынша 1 млн тонна астық жиналды. Диқандар күзгі егін ору жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген.

Қызылорда облысы

Облыс аумағында әлеуметтік әл-ауқаты төмен 25 мыңнан аса оқушы ыстық тамақпен қам­тамасыз етілген. Балаларды тез дайындалатын тағамдарды жиі тұтынудан, гаджеттер мен компьютер алдында ұзақ отыру сияқты теріс әдеттерден арылуға үгіт-насихат жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button