Қоғам

Тойдан шаршап қайтамыз

Гүлім СЕЙІТҚАДІРОВА, мұғалім

«Астана ақшамы» га­зетін­дегі «Той – ұлттық идеологияның өзегі» деген мақаланы оқыған соң мен де көптен мазалап жүрген өз ойымды жеткізсем деп шештім.
Біз, қазақ, тойшыл ха­лықпыз. Бірақ, кешкі 6-да басталады деп шақырылған тойымыз 8-9-сыз басталмайды. Сіздердің газеттеріңізде жазылғандай, астам сөй­лей­тін асаба­лар­дың көңіл­ге тиетіні былай тұрсын, біздің тойлар той емес, даңғаза кешке айналып кеткен. Талғамсыз ән-биі, ерсі, анайы ойындары, мағынасыз әңгімелері бар – бәрі адамды шаршатады. Әсіресе, әр адам сөйлеген сайын құлағыңызды тесіп жіберердей «музыкалық шапка» қоятынын қайтерсің.
Мен өзім тойға қуанып барамын. Көптен көрмеген туыстарымды көремін, хал сұрасамын. Бірақ айқайлап сөйлейтін асаба мен даңғыр­лаған музыканың дауысынан құлағың тұнып, жаныңдағы адамға көңіл бөле алмай қа­ласың. Бізді қойшы, тойға ұят қой деп, сүйегін сықырлатып алыстан келетін үлкен кісі­лерді аяймын.
Біздің той ұйымдастыру­шыларда сана жоқ па? Қонақтарға мүмкіндігінше жайлы кеш жасап беруді неге ойламайды? Ал қарапайым халық өз тойын өзі игеріп, асабасы мен музыканттарына неге дұрыс талап қоя білмейді? Той деген осылай өтуі керек деп есептей ме, тізгінді ақша алудан басқаны ойламайтын асаба мен басқа да ұйымдастыру­шыларға беріп қоя салатыны қа­лай? Мені осы күйіндіреді.
Тойға бар­ған­дар, демалып, қуанып отырып, шармамай қай­татын бол­са ғой деп ой­лаймын. Ол үшін біздің тал­ғамымыз өсуі керек сияқты. Алты-жеті са­ғатқа созбай, қуанышты әп-әдемі етіп екі-үш сағаттан асырмай тойлауға болады. Даңғырлатпай, жай әуен қосып қойып, тамаша тілек пен есті әндер ғана айтқызып, мәдениетті түрде билетіп, алдына қойған дәмнен алып отырып, әркім сүйкімін кетірмей қайтатындай той жасау сәл ойды қозғасақ қолымыздан келеді.
Қазақтың тойына шынымен реформа қажет. Жас­тар ойнап, күліп, билейтін жер жетеді ғой. Дәстүрлі той – үлкендердің батасымен өтетін той. Одан қарттарымыз шаршамай қайтуы керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button