ДенсаулықЖаңалықтар

Аурудың алдын алу айлығы

tuberkulez

«Іскер» бизнес орталығында «Жария» Халықаралық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні және оған орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

24 ақпаннан бастап 23 наурызға дейін еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан айлық барысында елорда кәсіпорындарында, құрылыс ұйымдары мен базарларында халықты көшпелі тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, туберкулезді алдын алу мен ерте диагностика жасау бойынша елордалық медициналық мекемелердің қызметкерлеріне арнайы семинарлар мен тре­нингтер, фтизиатрлар мен басқа да мамандардың қатысуымен ашық есіктер, денсаулық сабақтары, дәрі­герлермен кездесулер ұйым­дастырылып жатыр.
Халықты туберкулездің ал­ғаш­қы белгілері туралы хабардар ету, Астана қаласында құрт ауруын алдын алу айлығының шеңберіндегі іс-шаралардың барысын тиянақтау, ауруды уақытылы емдеу тиімділігін түсіндіру, қала тұрғындарын, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін ауруға қарсы іс-шараларға тарту, сондай-ақ, мигранттар мен олардың отбасы мү­ше­лерінің туберкулезді диаг­ностикалауға және оны емдеуге қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел мәжілісіне түрлі сала өкілдері қатысып, келелі сөз өрбітті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button