Жаңалықтар

Балабақшаға тіркеудің екінші кезеңі басталады

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша балабақшаға кезекке тұрудың екінші кезеңі 27 маусымда басталады.

– Бұған дейін хабарланғандай, 10 маусым күні елордалық балабақшаларға кезекке тұруға арналған электронды жүйе іске қосылған болатын. Алғашқы лекпен 116 өтініш қанағаттандырылып, оларға тиісті орындар бөлінді. Көп өтпестен жүйеге кибершабуыл жасалды. Соның кесірінен 500 мыңнан аса жалған сұраныс түсіп, жүйе істен шыққан-ды. Қазір сол ақауларды жөндеп, жүйенің киберқауіпсіздігін күшейту мақсатында шаралар жасалып жатыр. Жүйе 27 маусымда пайдалануға қайта дайын болады, – дейді қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.
Аталған ведомстводағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова-Төлеуханованың айтуынша, биыл 17 мыңнан аса бала мектепке барады. Бұл дегеніміз – балабақшадағы сонша орын қолжетімді болады деген сөз.
Балабақшаға кезекке тұру рәсімі кезең-кезеңімен іске асырылады. Мәселен, 27 маусымда – 2017 жылы, 1 шілдеде – 2016 жылы, 4 шілдеде – 2015 жылы, ал 9 шілдеде 2014 және 2013 жылы туған балалар тіркеледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда елордада балабақша жасында, яғни 3-6 жас аралығында 18 мыңнан аса бүлдіршін бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button