Денсаулық

Мақсатымыз – жедел көмек көрсету

«Қалалық жедел медицинаның жәрдем» станциясы – жедел медициналық көмектің жоғары стандарттарына сәйкес және тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ететін, ауруханаға дейінгі көмек көрсететін мекеме.

Бүгінде Астана жедел жәрдем станциясы – қаладағы алдыңғы қатардағы емдеу-профилактикалық мекемелердің бірі. Мұнда жоғары сыныпты мамандар жұмыс істейді және заманауи құрал-жабдықтардың арсеналы мен емдік препараттар, қазіргі заманғы санитарлық Hyundai және Volkswagen маркалы автотранспорты бар. Жедел жәрдем мамандандырылған бригаданың арқасында өте тиімді жұмыс жүргізіп келеді, жылдам диспетчерлік қызмет, станцияның қалаға жақын орналасуы, гос­питализация жүйесі нақты жолға қойылған. Тәулігіне «103» пультіне елорда тұрғындары мен қонақтарынан 2500-ден аса қоңырау келіп түседі.
Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметі қаланың әртүрлі бөліктерінде бригадалардың орналасуымен 8 пунк­ті бар 4 қосалқы станса жұмыс істейді. Олардың орналасқан жері шақырушыға уақытында келуді және шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұжымда 1 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Оның ішінде 100-ге тарта дәрігер, 500-ден аса орта медицина қызметкерлері, 250-дей жүргізушілер еңбек етеді.
Күні-түні үзіліссіз жұмыс істейтін әріптес­терімді кәсіби мерекеміз – медицина саласы қызметкерлері күні мерекесімен құттықтаймын. Ел үшін жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button