Жаңалықтар

Балалар билборд салды

Астана қаласы Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен балалар арасында отбасылық құндылықты насихаттау мақсатында «Ең үздік билборд эскизі» атты сурет байқауы өтті.

Байқауда елорда мен қала маңындағы ауылдардан 4 пен 17 жас аралығындағы 150-ге жуық әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен аула клубтарының тәрбиеленушілері бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Жансұлу Нұрмағанбетова І орынды жеңіп алса, ІІ орынды Айзере Азбекова, ІІІ орынды Гаухар Сейтқазинова иеленді. Басқа да бірқатар оқушылар түрлі аталым бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық пен құнды кітаптар табыс­талды.
«Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Байымбетованың айтуынша, алдағы уақытта байқауға ұсынылған үздік суреттер альбом болып шығарылады. Сонымен қатар суреттердің кейбірі қаланы безендіруде де қолданылуы мүмкін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button