Жаңалықтар

«Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі қазіргі күндері жұртшылық арасында «Бақытты отбасы – бақытты ел» ақпараттық акциясын өткізіп жатыр. Ол әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында қолға алынған.

Биылғы жылдың үшінші тоқсанын­дағы іс-шаралар шеңберінде өткізіліп жатқан акция 15 тамыз күні басталды. Ол бүгін өзінің мәресіне жетеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бағытында қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында «сенім телефондары» және дағдарыс орталықтары туралы мағлұмат беру, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Шара барысында 15 тамыз күні «Keruen Sity» сауда ойын-сауық орталығында ақпараттық іс-шара өткізілді. Ол 100-ге таяу адамды қамтыды. Онда келушілер сұ­рақтарына жауап берілді. Сондай-ақ барлық келушілерге ақпараттық кітапшалар мен буклеттер таратылып, акцияның сыйлығы ретінде тұрғындарға бейсболкалар табыс етілді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button