Денсаулық

Гиппократ антына пысқырмады

Дәрігер – жауапкершілігі жоғары мамандық. Бас ауырып, балтыр сыздағанда оларсыз күнің қараң. Расымен де, ақ халатты абзал жандар көпшілік үшін құдды бір адам өмірінің арашашысы болып көрінеді.

Бірақ бес саусақ бірдей емес қой. Сол сияқты ақ халаттылардың арасында да науқастың жағдайына бей-жай қарайтындары бар екен. Былтыр тұрғылықты мекенжайымыз бойынша баламыз Республикалық диагностикалық орталықта тіркеуде болған. Әлбетте, ондағы дәрігерлердің біліктілігінде, заманауи аппараттарда, қызмет көрсету сапасының жоғарылығында, тіпті дәліз бен кабинеттердің кеңдігінде, жалпы, емделушілер үшін жағдайдың барынша қарастырылғандығында мін жоқ. Қатаң тәртіп те орнаған онда. Яғни дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылып қоймасаңыз, кезексіз кіру қиын. Бірде баламыз тұмауратып, дәрігерге қаралуға бір күн бұрын жазылып, ертесінде уақытынан кешікпей барғанбыз. Біздің учаскенің дәрігері өзі ауырып қалыпты, жұмыс­та болмай шықты. Содан оның орнына қабылдауы керек болған басқа учаскенің дәрігерінің алдына бардық. Бірақ ол қаншалықты ауырып, мазасызданып тұрса да, баланы қабылдамай, кері қайтарды. «Осы үшін жұмыстан шығарып жіберсе де, басқа учаскенің адамдарын қарап отыратын уақытым жоқ. Маған ол үшін ақша төлемейді» деген әлгі дәрігер Гиппократ антына пысқырмады да. Осы жағдайдан соң басқа емханаға ауысуға тура келді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button