Денсаулық

Бауырыңызға бейжай қарамаңыз

Бауыр – адам денесіндегі ең ірі без. Ғылымның дәлелдеуінше, бауыр организмдегі зат алмасу процесіне қатысып, қоректерді өңдейді. Түрлі уытты, биологиялық белсенді заттар да бауыр арқылы сүзіліп, залалсыздандырылады екен.

Бауырдың қанды реттеп, оның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор. Қоршаған ортамыздың бұзылуы және тамақ сапасының нашарлауына сай, бүгінгі таңда бауыр ауруларына шалдыққан адамдардың саны күн санап көбейіп келеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, денсаулықты қорғауға, бауыр қызметін жақсы ұстауға ертерек мән берген дұрыс.
Медицина саласына қатысты деректеріне жүгінсек, бауырды қорғаудың және оның қызметін жақсартудың, бауыр сырқаттарының алдын алудың ең қарапайым жолы ретінде мына бір тәсілдер ұсынылады.
1. Бір кесе таза суға лимонның тең жартысын қосып ішіңіз. Лимон шырыны бауырдағы барлық зиянды зәр, уытты шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар, лимон денедегі артық майдың ыдырауын тездетіп, семірудің де алдын алады.
2. Сарымсақ пен жуаны жиі жеуге тырысыңыз. Бұл екеуінің иісі сізге ұнамауы мүмкін. Алайда олардың құрамында адам ағзасындағы артық заттарды сыртқа шығаратын пайдалы элементтер бар. Сонымен қатар сарымсақтың бактерияларды өлтіретін қасиеті де бар.
3. Алатікен өсімдігін қайнаған суға шылап ішуді әдетке айналдырыңыз. Алатікен бауыр клеткаларын улы заттардан қорғайды. Қазақ, тибет медицинасында алатікен бауырдың ыстығын қайтарып, ерін кеберсу, іш қатудың алдын алады делінген.
4. С дәруменіне бай органикалық азықтықтарды көбірек тұтыныңыз. Құлпынай, лимон, жасыл бұршақ, апельсин, қызанақ, бүлдірген, жалбыз, аскөк, қырыққабат көкөністердің құрамында С дәрумені және бауырға пайдалы элементтер көп.
5. Бақбақ жапырағын қайнаған суға шылап ішіңіз. Қытай медицинасында (шөппен емдеу) бақбақ бауыр қызметін жақсартып қана қоймай, қатерлі ісіктің алдын алады екен.
6. Дәріні беталды ішпеңіз. Әрқандай дәрінің ауруға шипа болумен қатар, кері әсері де бар. Әсіресе, ауруды басатын дәрілердің бауырға залалы көп.
7. Күніне бір алма жеңіз. Алманың құрамындағы глюкоза адам денесіндегі энергияны толықтап ғана қалмай, бауыр қызметін реттеуге орасан зор пайдасын тигізеді екен.
Мұнан басқа арақ-шараптың, артық ұйықтаудың, спортпен айналыспай, артық салмақ қосудың да бауырға салар салмағы ерекше. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстанып, бауыр қызметін қорғауға қашанда мән бергеніңіз дұрыс болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button