Басты ақпарат

Бес вагонмен бала келді

Кеше таңертең елорданың теміржол вокзалында жүздеген баланың қуанышын көрдік.


Арыс қаласынан 200-ге жуық бала Нұр-Сұлтан қаласына келді. Олар енді 10 күн бойы бас қаламызда демалатын болады.
Бес вагоннан жүздері бал-бұл жанып, көңілденіп түсіп жатқан балаларды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов салтанатты жағдайда қарсы алды.
– Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер, балалар! Аман-есен жеткендеріңе қуаныштымыз. Енді сіздер осында он күндей демалатын боласыңдар. Елордамыздың көрікті жерлерін аралап, концерттік-спорттық шараларға қатысасыздар. Сіздерден кейін өздеріңмен оқитын басқа балалар да келетін болады. Нұр-Сұлтан қаласы Арыспен біргеміз! – деді елорда әкімі өзімен бірге қарсы алу рәсіміне келген Ержан Максимді де таныстырып.

Арыстан келген оқушылар «Балалар үйі» мен гуманитарлық колледжде тұратын болады. Балалар­мен біз де еріп бардық. «Балалар үйі­нің» коттедж үйіне орналас­қан жас­өс­пірімдердің көңіл-­күйіне қарап шын қуанғандарын сезіндік.
Бір айтарлығы, Арыстың балалары елорда күні мерекесіне арналған шаралардың да куәсі болмақ. Яғни, елорда тойындағы қызықтарды да тамашалап қайтатын болады.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов апаттан зардап шеккен Арыс қаласының 500 мектеп оқушысына дем­алыс ұйымдастыру алдын ала жоспарланғанымен, бұл санды бір мыңға дейін жеткізуді ойластырып жатырмыз деп айтты. Демек, ел жүрегіне айналған Нұр-Сұлтан қаласын кө­ретін балалар қатары көбейе бермек.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button