Білім

Білікті мамандар сұранысқа ие

Алтай Көлгінов колледж басшыларымен білім жүйесіндегі ағымдағы мәселелерді, ғимараттарды ретке келтіруді, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын, тегін оқу гранттарының санын, түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату және тағы басқа сұрақтарды талқылады. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

 

– Жастар алғашқы білім мен тәжірибені мектеп қабырғасында алса, кәсіби білімді колледждер мен университеттерде алады. Бұл жерде бастысы – оларға теориялық білім ғана емес, практикалық та білім беру керек. Болашақта жақсы білім жұмыс істеуге мықты және сенімді негіз болады, – дейді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, білімнің қолжетімді болғаны маңызды. Биылғы оқу жылы 21 колледжде оқу үшін 4600 астам грант бөлінді. Теория мен тәжірибе қатар жүруі тиіс. Дуальді оқытуға назар аудару қажет. Бұл – жастардың теориялық білімді бірден практикада (өндіріс орнында) бекітіп алуы. Олар қажетті кәсіби білім алып қана қоймай, кейін жұмысқа да орналаса алады. Қазір оқытудың бұл әдісі 260-тан астам кәсіп­орынның қатысуымен 29 колледжде енгізілген. Кәсіпорын қатысушыларын кеңейту бойынша бұл бағытта жұмысты жалғастыру керек.
Мекемелерді жөндеу және қосымша жабдықтау аясында «Жас маман» республикалық жобасы аясында 3 колледж жаңғыртылды. IT, сервис және қызмет көрсету, тұрғын үй-тұрмыстық, коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша кадрлар даярлау үшін құзырет орталықтары құрылды. 2021 жылы тағы 5 колледжді заманауи құралдармен жабдықтау жоспарланды.
«Ел басшылығы білім саласына ерекше көңіл бөледі: оқу үшін жағдайлар жасалады, педагогтарға қолдау көрсетіледі. Жастар күнделікті еңбекпен және біліммен ғана жетістікке жетуге болатынын түсінуі тиіс! Еңбек нарығында білікті кадрлар сұранысқа ие!» деді қала басшысы Алтай Көлгінов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button