Жаңалықтар

Жаңа сарай қандай болады?

Астанада тағы бір Оқушылар сарайы салынады. Біріншісі оң жағалауда орналасқандықтан, қала тұрғындарының қалауы бойынша жаңа Оқушылар сарайы сол жағалауда бой көтереді. Нысанды Тұран даңғылы, Е-108, Е-106, Е-109 көшелерінің алаңына «City Transportation Systems» ЖШС ғимаратының жанына орналастыру нұсқасы қарастырылуда.

Құрылыстың жер көлемі 3 гектарға жуықтайды. Ғимараттың ауданы – 10000 м2. Күніне 2000-нан астам баланы қабылдай алады. Жобаның бірегейлігі – ғимарат шатырының абаттандырылуында. Онда ойын элементтерін, ағаштардың ортасына бақылау алаңын орналастыру жоспарланған.
Бірінші қабатта спорттық жаттығу залдары, мәжіліс залы, әкімшілік үй-жайлар, буфет болады. Екінші қабатта көрме залдары, сурет, фото және видео шеберханалары, театр өнеріне арналған залдар, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар жайғасады. Үшінші қабатта шағын обсерватория, ғылыми мұражай, робототехника бөлмелері, эксперименталды бөлмелер, шеберханалар, кітапхана бар.
Осылайша жаңа Оқушылар сарайында химия, биология, физика бойынша толыққанды эксперименттер жүргізуге, киберспортты дамытуға, коворкинг кеңістігі мен көпшілікке арналған кітапхана пунктінде жасөспірімдер клубын ұйымдастыруға, концерттер мен спорт жарыстарын өткізуге болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button