Жаңалықтар

Бастысы – тұрғындарға жайлылық

Карантиндегі жағдай саябағы мен гүлбағы жоқ шағын аудандарда өмір сүру қиын екенін көрсетті. #ANTIKOR.LIVE жобасы аясындағы онлайн-диалог кезінде «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, елорда әкімінің кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов астаналық сәулетшілерді тұрғындардың өмір сүруі үшін «неғұрлым қолайлы» жағдай жасауға үндеді.

– Мен астаналық сәулетшілерден қаланы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы етіп салуға шақырамын. Ол тек қаланың экономикасы, қоғамдық кеңістіктері арқылы ғана емес, баспана құрылысы арқылы да жасалады. Ешкімнің де үлкен құмырсқа илеуінде өмір сүргісі келмейді. Карантин жағдайы қолжетімді жерде гүл бағы, саябақ және басқа да ашық кеңістіктер болмаса, халықтың зәулім үйлер шоғырланған абажадай аудандарда өмір сүруі қиын екенін көрсетті, – деді М.Шекенов.
«Астана қала сәулеті» ЖШС директоры Нұржан Кенжебеков өз кезегінде қаланың Бас жоспарында жаңадан салынатын саябақ, гүлбақ және мектеп құрылысы бар екенін жеткізді. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 54 қоғамдық кеңістік ашу жобаланған. Оның айтуынша, астаналық билік әлеуметтік нысандарды салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шартымен жеке бизнесті қатыс­тыруды көздейді. Мәселен, елордада МЖӘ шартымен 30 орта оқу орнын салу жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button