Білім

Үшінші тоқсанда қалай оқимыз?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елорда мектептерінің үшінші тоқсанды қалай оқитындығы туралы хабарлады.

11 қаңтарда оқу жылындағы ең ұзақ үшінші тоқсан басталады. 1-5-сынып оқушылары да «кезекші сынып» режимінде білімін жалғастырады. Бұл туралы әкімдіктегі брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты. «Үшінші тоқсанда бітіруші сыныптар (9, 11, 12-сыныптар) кезекші сабақ принципі бойынша аралас форматта оқуды бастайды. Сыныптағылар саны 15 адамнан аспайды. Офлайн сабақ кестесіне инвариантты компоненттің пәндері кіреді: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы. Бұл – пәндердің 70 пайызы. Қалған 30 пайыз пәндер қашықтан оқу форматында өтеді. Бұл Бұл – информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негіздері, алғашқы әскери дайындық. Сондай-ақ ауыспалы компоненттің тақырыптары кестеге сәйкес асинхронды түрде өтеді» деді Шолпан Қадырова.

Биылғы оқу жылында елордада 9-сыныпта 13215, 11-сыныпта 7567 бала оқиды. «Мектептерде икемді кестелер болады, сабақтар арасындағы үзіліс әр сыныпқа әртүрлі уақытта беріледі. Ал әлеуметтік арақашықтық үшін ауысым көбейтіледі. Бір сабақтың уақыты 5 минуттық үзіліс пен 30 минуттан аспайды» деп түсіндірді басқарма басшысы.
Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда әрбір топта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ата-аналардың қатысуынсыз «Қош келдің, Жаңа жыл» тақырыбында мерекелік сабақтар өткізілуде. Жаңа жылдық сабақтарды өткізу үшін топтар тақырыпқа сәйкес безендірілген. Әр топқа шырша мен ертегі кейіпкерлері орнатылды. Мерекелік сабақтардың сценарийіне сәйкес әр бала мерекелік киіммен қатысады» деді ол.
Сонымен қатар, екінші тоқсанда «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді, онда білім берудің барлық деңгейлері бойынша 5295 авторлық бейнесабақтар жүктелді. Платформаны қолданушылардың өсуі байқалады, қаралым саны 10 миллионнан асқан.

Көктем ҚАРҚЫН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button