Жаңалықтар

Ботаникалық бақтағы аққалалар ауылы

Елордада отбасылық демалыс үшін мұзды қалашық, ашық аспан астындағы ерекше галерея пайда болды. «NS Family WinterFest» фестивалі отбасымен уақыт өткізуге арналған.«Ботаникалық бақ ерекше, қызықты безендірілді, бірінші аймақта ашық аспан астындағы галерея, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық шыршаның артында суретшілер салған суреттер бар. Ал екінші аймақтың негізгі фишкасы – аққалалар орналасқан жер. Қазір аққала саны – 300. Қала тұрғындары аққала санын арттыруға көмектессе, нұр үстіне нұр болар еді» дейді Ботаникалық бақ директоры К.Бекмурзаева.
Үшінші аймаққа жаңа жылдық шырша орналасқан. Шырша қарлығаштармен безендірілген, өйткені қарлығаш келер жылдың бақыт символы саналады. Сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылы сфералар орнатылып, балалар үшін арнайы кішкентай хоккей алаңы жасалған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button