Жаңалықтар

«Covid-19» би-перформансы

Жасыратыны жоқ, екі жыл бойы діңкемізді құртқан жаман індет өнер саласына ауыр соққы болып тиді. Енді, міне, бойымызға ұжымдық иммунитет қалыптастырып, театрға, сахнаға деген қызығушылығымыз, ынтызарлығымыз қайта ояна бастады.

[smartslider3 slider=1086]

Осыны жақсы түсінген «Astana musical» театры ұжымы көрерменге «Сovid-19»  пластикалық қойылымын ұсынды. Бұл туралы театрдың әртісі Бекзат Бақытжанов былай дейді: «Аты жаман індет халқымызға оңайға соққан жоқ. Осы ел басына төнген нәубатты жеңу үшін қаншама күш жұмсалды. Қазір нәтиже бар сияқты адамдар қалыпты өмірге қайта орала бастағандай. Міне, біздің мақсатымыз – сол әр адамның төтеннен келген кеселді жеңу  үшін арпалысқан ішкі сезімдерін сахнада көрсету болды. Меніңше, бұл ой жүзеге толық асты деп ойлаймын».

Ал театртанушы Айзат Қыдыралиева қойылымды қимыл-қозғалыс, іс-әрекетпен жеріне жеткізе айта білген театр әртістеріне дән риза екендігін жасырмады. Сонымен «Covid-19» би-перформансы сәтті сахналанған бір ерекше спектакль болды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button