Жаңалықтар

Би арқылы көрсетті

Таяуда «Наз» мемлекеттік би театры ұлы Абайдың «Әзім әңгімесі» поэмасын сахналады.

[smartslider3 slider=1082]

Хореография тілінде көрерменге жол тартқан бұл дастанның әр жанды ойландыратын, әркімнің жүрегіне сәуле құятын ғибратты тұстары мол болса, режиссер соны тап басып көпшілікке жеткізе білген.

– Хакім Абайдың қалың жұрт жақсы білетін көркем де, ойшыл туындылары аз емес қой. «Әзім әңгімесі» – солардың ішіндегі шоқтығы биік туынды. Поэмада адамдар арасындағы қарым-қатынас, бір-біріне деген жылылық сезімдері ерекше көрінеді. «Наз» бишілері осы сәттерді үлкен шеберлікпен жеткізіп, көпшіліктің ықыласына бөлене білді деп ойлаймын, – дейді театр директоры Еркебұлан Ағымбаев.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button