Жаңалықтар

«Ер төстік» сахналанды

Елордалық қуыршақ театры ТеатрALL фестивалінің алаңында «Ер Төстік» қазақ халық ертегісінің заманауи интерпретациясын ұсынды.

[smartslider3 slider=1087]
Қалыптасқан дәстүр бойынша спектакль басталар алдында қуыршақ театрының әртістері жас көрермендерді фойеде қарсы алып, шағын қойылым, викториналар мен ойындар өткізді. Осылайша қонақтармен байланыс орнатылады. Спектакль көрермендері әйгілі қазақ кейіпкері жайлы ертегіні тамашалады, қойылымда заманауи және дәстүрлі музыкалық сарындар үйлесім тапқан.

«Бұл жолы біз балалармен қазақ батыры – Ер Төстік туралы сөйлесуді жөн көрдік. Осы кейіпкер арқылы біз балаларға қазақ халқының өзіндік дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар екенін және бұл спектакль осы рәсімдер мен дәстүрлерге негізделгенін еске саламыз. Мұнда келетін бала үшін рэп сияқты музыкалық тақырыптар жақын, бірақ сонымен бірге домбыра-қазақ халқының жаны және осыны бүгінгі ұрпақ түсінгенін қалаймыз. Рэп те, басқа да музыкалық бағыттар керемет, бірақ домбыраның орны ерекше. Мысалы, айтыстар рэпке өте ұқсас, сондықтан мен осы екі музыкалық бағытты байланыстыруға тырыстым» деді елордалық қуыршақ театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуат Ежембек.

Сондай-ақ көрермендер спектакльді жоғары бағалап, ұлттық сюжеттің заманауи оқылуын ерекше атап өтті. «Маған спектакль өте қатты ұнады, онда заманауи рэп болды. Бұл өте қызықты, күлкілі және ең бастысы танымдық ерекшелігі болды. Қазақ ертегісі жаңа стильде жасалды» деп көрермен Гүлсан Жұманова  өз ойы­мен бөлісті.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button