Жаңалықтар

Дәрігерлерге – баспана

Астанада медицина қызметкерлері үшін үш жатақхана салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар салалық дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды «Елорда инфо».

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы салалық медицина мамандарына тұрғын үй беруді жоспарлап отыр. Біз қызметкерлердің тапшылығын азайту үшін тұрғын үй мәселесін, сондай-ақ 1500 орынға арналған үш жатақхана салуды жоспарлаудамыз» делінген басқарма таратқан хабарламада.
Қалалық емханаларға акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, лаборант, офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, эндокринолог, рентгенолог, реаниматолог, пульмонолог және тағы басқа мамандар қажет.
Басқарма басшыларының сөзінше, медициналық қызметтердің сапасын жақсартудың маңызды жолдарының бірі – кадрлардың тапшылығын азайту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және күнделікті тәжірибеге халықаралық сапа стандарттарын енгізу.
Аталған мәселелерді шешу үшін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасы еліміздегі құзыретті меди­циналық университеттер мен «Бола­шақ» халықаралық бағдарламалар орта­лығымен меморандумдарға қол қойды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button